Форум аясында инновацияларға мемлекеттік қолдау көрсету құралдары бойынша іске жаңа бастаған инноваторларға арналған семинар өтеді.
«Шара барысында қатысушылар инновациялық гранттарды беру тетіктерімен, технологияны коммерциялау жүйесімен және инновациялық менеджмент технологияларымен танысуға мүмкіндік алады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жастар форумы аясында инновациялық жобалар көрмесі өтеді. Бұл көрмеде Инвестициялар және даму министрлігінің грантын алып, қалдықсыз күкірт бетондары өндірісін қолға алған «Күкіртбетон Құрылыс» компаниясының жұмыстары жұртшылық назарына ұсынылады.