ҚР ИИДМБ

К.Көкрекбаев: Жамбыл облысының кәсіпорындары 8 ай ішінде 171 млрд теңгенің өнімін өндірді

Жамбыл облысында 60-қа жуық орта және ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Олар биылғы жылдың 8 айында 171 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев облыстағы өндіріс кәсіпорындарының басшыларымен кездесуінде айтты.
Жамбыл26 Қыркүйек , 10:56

Кездесу барысында Мемлекеттік үдемелі индустриалды инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларының жүзеге асырылуы, аймақтың экономикалық өсуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Осы жылы  «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аймаққа республикалық бюджеттен 2,5 млрд.теңге бөлінді.

«Облыста 60-қа жуық орта және ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Олар осы жылдың  8 айында 171 млрд.теңгенің өнімін  өндірген болатын. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 млрд. теңгеге артық», - деп айтты аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жылдың соңына дейін «Talas Investment Company» ЖШС-не 1000 тонна күкірт қышқылын, ал «AGIG» компаниясына 30 мың тонна клинкер және 1000 тонна цемент өндіруді тапсырды.




Яндекс.Метрика