Халықаралық интеграция

Душанбеде ТМД елдерінің қадағалау органдары арасындағы ықпалдастық талқыланды

Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған қадағалау органдары арасындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелері Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысы талқыланды. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев қатысты.
Әлемде26 Қыркүйек , 10:38

Форумда қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған қадағалау органдары арасындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

«Жиынға қатысушылар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттер тұрғысынан трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы ортақ міндеттерді шешудегі бас прокуратуралардың күштерін жұмылдыру және оны әрі қарай жетілдірудің өзектілігі арта түскендігін атап көрсетті»,-деп хабарлады Бас прокуратура.

Отырысқа қатысушылар азаматтардың, әсіресе өз мемлекеттерінен тысқары жерлерде тұратын азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күресу бойынша ортақ шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларын  орындау мәселелері туралы ой бөлісті.

Сондай-ақ, форум аясында А.Дауылбаев Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің бас прокурорларымен, Ресей және Әзірбайжан прокуратуралары басшыларымен, сонымен қатар БПҮК Атқарушы хатшысымен екіжақты кездесулер өткізіп, әңгіме барысында ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.




Яндекс.Метрика