Адами капитал

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында 130 адамға көмек көрсетілді

Семейде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында 130 мүмкіндігі шектеулі адамға және көпбалалы аналарға көмек пен қолдау көрсетілді.
Шығыс Қазақстан26 Қыркүйек , 10:21

«Шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, қоғамның қамқорлығын сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қадам басуына жағдай жасау», - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Акция барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы арбалар мен өзге де қажетті құрылғылар сыйланды. Көпбалалы аналарға облыстың спорттық және мәдени орындарына тегін кіретін абонементтер берілді.

Сонымен қатар, қайырымдылық акциясы қатысушыларына арнап музейде экскурсия ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылып, қайырымдылық түскі асы берілді.

«Мұндай шаралар облыстың өзге де қалалары мен аудандарында жоспарланған. Семей қаласы бұл қайырымдылық шарасын өткізу эстафетасын Бесқарағай ауданына табыстады», - делінген хабарлама.




Яндекс.Метрика