Халықаралық интеграция

Америкалық Елші Қазақстанның қылмыстық құқықты ізгілендіру қадамына оң баға берді – Жоғарғы сот

Астанада Қазақстан Жоғарғы Соты қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Елші Джон Ордвеймен кездесті.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 09:48

«Джон Ордвей ұйымдастырушыларға форумға қатысу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтып, бұл шара Қазақстанда жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың жаңа кезеңі басталғанын білдіреді деп атап өтті. Ол бүкіл әлемде қылмыстық заңнама адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөлге ие екендігін жеткізе келе, Қазақстанның қылмыстық құқықты ізгілендіру қадамына оң баға берді», - деп хабарлады Жоғарғы сот.

«Қазақстанның соңғы жылдары  ең озық халықаралық тәжірибені қабылдауы өте маңызды. Халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу сот төрелігін жетілдіруде қосымша мүмкіндіктер береді» - деді Джон Ордвей.

Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасының төрағасы қазіргі таңда Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық процестік заңнаманы әзірлеумен айналысып жатқандығын мәлімдеді. «Құқық жүйесі дамымай, ел экономикасының дамуы мүмкін емес. Экономика мен ішкі және сыртқы инвестициялаудың қарқынды дамуы Қазақстан үшін – жағымды құбылыс. Мұның барлығы біздің Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі», - деп атап өтті А.Қасымов. 




Яндекс.Метрика