ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін келісім шарт орнатылды

Тілдерді дамыту басқармасы мен Қызылорда облысы «ХҚК» орталығының филиалы мемлекеттік тілді дамыту бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша «ХҚК» орталығының баспасөз қызметі.
Қызылорда17 Қыркүйек , 19:27

«ҚР Тілдер күніне орайластырып тілдерді дамыту басқармасы мен жергілікті «ХҚК» орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды», - деп  облыстық «ХҚК» орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шарада тілдерді аймақтық дамыту орталығының директоры Н. Мұсаев «Қазтест – тілді білу дәрежесін анықтайтын жүйе» тақырыбында баяндама ұсынды. Ал филиал директоры мемлекеттік тілді дамыту бойынша атқарылған қызмет барысының қорытынды есебін алға тартты.

 Шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттарына ие болды. Сонымен қатар, кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, аймақтық тілдерді дамыту басқармасы Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарының бөлімдеріне кітаптар ұсынылды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика