Алматы экологиясын жақсарту үшін ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Алматыда екі автомобильдерге газ толтыру бекеті ашылды.
Алматы қаласы26 Қыркүйек , 09:32

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, автомобилге арналған газбен толтыру компрессор бекеттері халықаралық стандартқа сай салынған және қауіпсіздік талаптарына толық жауап береді. Беке күн сайын 400 бірлік ірі автокөлікті газбен қамтамасыз ете алады.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала мен айнала қоршаған ортаны залалсыздандыру жөніндегі кешенді бағдарлама аясында көлікті тығыздалған газбен қамтамасыз ету маңызды оқиға екендігін жеткізді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала экологиясын жақсартуда ауқымды шаралар жүзеге асырылып, көлікті газға көшіруде үлкен жұмыстар атқарылуда. Жыл аяғына дейін газбен жұмыс істейтін мунииципалды автобустар қатары 600-ге дейін жеткізілетін болады, экотаксилер саны 200 бірліктен 400-ге дейін көбейтіледі», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында жеке сектор көліктерін газға көшіру бойынша бірқатар ынталандыру шараларының жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

«Біз «Казтрансгаз Өнімдерімен» 4 жыл ішінде газдың бағасы бензин мен дизельді отындарға қарағанда 40 пайызға төмен болатындығы туралы келісім жасағанбыз. Маңыздысы, жеке сектор көліктерінің газға көшуі. «Алматы» ӘКҚ-да микронесие беретін ұйым құрылған, олар жеке көлігін газға көшіргісі келгендерді қаржыландыратын болады», - деді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін қалада 3 газ толтыру бекеті жұмыс істеп келді. Олар муниципалды (коммуналды) автобус парктерін, «Алматы Тазалықтың» арнайы техникаларын, Эко-Такси, Тулпар Такси көліктерін, жеке көліктерді газбен қамтамасыз етеді.




Яндекс.Метрика