Адами капитал

Н.Назарбаев: Біздің елімізде теннисті дамыту тұрғысынан үлкен жұмыс атқарылып жатыр

Елбасы Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганы қабылдады.Кездесу барысында олардың осы келісі еліміздегі теннистің бұдан әрі дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 09:01

«Бұл қазақстандық жас спортшылар үшін үлкен оқиға. Сіздер оларға өздеріңізбен ойнау мүмкіндігін бердіңіздер. Бұл оларды айтарлықтай ынталандыру болып саналады. Сондай-ақ сіздер біздің елімізге келіп, елорданың айтулы нысандарын аралап көру мүмкіндігіне ие болдыңыздар», - деді  Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұрын теннис дәстүрі болмаған біздің елімізде қазір спорттың осы түрін дамыту тұрғысынан үлкен жұмыс атқарылып жатқандығына тоқталды.

Өз кезегінде теннисшілер елімізге келуге шақырғаны үшін алғыс айта отырып, Қазақстанға келу олар үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Кездесудің соңында Р.Надаль өзінің ракеткасын Елбасына тарту етті.

Айта кетейік, Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга елімізге сапары аясында қазақстандық жас теннисшілерге – «Team Kazakhstan» академиясының тәлімгерлеріне шеберлік дәрісін өткізді және Астананың көрікті жерлерін аралап көрді.




Яндекс.Метрика