Халықаралық интеграция

Оманда Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы баспасөз конференциясы өтті

Қыркүйекте Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі «Қазақстандағы инвестициялық ахуал» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.
Әлемде26 Қыркүйек , 09:16

СІМ-де хабарлағандай, іс-шараға Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының, Қазақстанда жұмыс істейтін «Oman Oil» және «MB Holding» компанияларының өкілдері мен біздің еліміздің экономикасына инвестиция салуға мүдделі жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушыларға Қазақстандағы инвестициялық ахуал, ҚР Үкіметінің шетелдік инвестицияларды тарту жолындағы шаралары және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы таныстырылды.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан үкіметінің шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызу бағытындағы қадамдарына едәуір қызығушылық танытты.




Яндекс.Метрика