Мәдениетті жаңғырту

Астанада атақты ағылшын мүсіншісінің көрмесі ашылады

Астанада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қазіргі заманның ең әйгілі мүсіншілерінің бірі Цадок Бен-Давидтің (Zadok Ben-David, Англия, Лондон) «Түн ортасының арғы беті» атты жеке көрмесі ашылады.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 19:36

Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрме  Ұлттық музейдің Заманауи залдарында 2014 жылдың  26 қыркүйегі мен 5 желтоқсаны аралығында өтеді.

«Экспозиция 3 инсталляциядан және мүсіннен тұрады. Әрбір инсталляция суретшінің ақиқатқа айналған ойы мен қиялының көкжиегін көрсетіп, өнерсүйер қауымды бірегейлігімен таң қалдырады. Цадок Бен-Давид дүние жүзінде кең танылған және көпшілік мойындаған өзіндік көркем стилін қалыптастырған», - деп хабарлады Ұлттық музейде.

Инсталляцияларды жасау үшін суретші 10 ассистентімен бірге үш жыл тер төкті.




Яндекс.Метрика