Халықаралық интеграция

Қ. Тоқаев: Қазақстан Сауд Арабиясын саяси әрі экономикалық әріптес ретінде таниды (ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла Аль аш-Шейхпен келіссөз жүргізді.
Астана қаласы 25 Қыркүйек, 18:36

«Жоғары мәртебелі мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс өңіріндегі және ислам әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық әріптес ретінде таниды, барлық салалардағы үнқатысуды дамытуға мүдделі екенін атап өтті», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, осы жылы Президент Н.Назарбаевтың Сауд Арабиясына мемлекеттік сапары түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні даусыз.

Тараптар екі жақты негізде және парламентаралық ұйымдар аясындағы парламентшілердің байланыстарын одан әрі дамыту жайында айтты.

Сенат Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі қызметін тұрақты түрде қолдау білдіруіне орай Қос Киенің Сақшысы Король Абдалла бен Абдельазизге алғыс айтты және А.Аль аш-Шейхті 2015 жылғы 10-11 маусымда болатын кезекті форумға қатысуға шақырды.





Яндекс.Метрика