Адами капитал

Қостанай облысы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына қатысқан Жаңбыршиновтар отбасын күтіп алды

Отбасы - алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ, дейді әулеттің отағасы Зейнолла Жаңбыршинов.
Қостанай 25 Қыркүйек, 18:05

Туған өлкелері Қостанай облысы Жаңбыршиновтар отбасын құшақ жая қарсы алды. Өйткені, бұл отбасы республикалық байқауға барып өңірдің намысын қорғап қайтты. Аталмыш байқауға биыл республиканың түкпір-түкпірінен жалпы саны 1300-дей қазақстандық отбасы қатысты. Қазылар үміткер отбасының әр мүшесін жеке-жеке бағалай отырып жеңімпаздарды анықтады.

Жаңбыршиновтар отбасы өз өмірлерін мал шаруашылығына арнаған адамдар. Отағасы Зейнолла Жаңбыршинов ғалым, ауыл шаруашылығы саласының еңбек сіңірген жұмыскері, Әулиекөл ауданындағы «Москалевская» ЖШС директоры. Олардың осы саладағы жалпы еңбек өтілі -300 жыл.

«Мен ұжымнан білім алдым. Сауатымды анам мен әжем ашты. Еңбекке ерте кезден араластым, қазіргі таңда өзімнің өмір мектебімнен алған сабақтарымды ұрпағыма үйретіп кетсем деймін. Бала-шаға қазір өзіміздің ұжымда жұмыс істейді. Әрқайсысының өз қызметі бар. Барлығымыз қазір Москалевкада бір кісідей еңбек етіп жатырмыз», - дейді Зейнолла Жаңбыршинов.

Айта кету керек, бұл әулет өте үлкен. Ақсақал 5 ұлынан қазір 11 немере мен шөбере сүйіп отыр. Әулетте  барлығы 25 адам бар. Балаларының барлығы туған жерлерінде қызмет етуде.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика