Парламент

Қазақстан Сауд Арабиясымен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға аса мән береді – Жақыпов

Қазақстан Сауд Арабиясымен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға аса мән береді. Бұл туралы Сауд Арабиясы Королдігі кеңесінің Консультативтік төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхпен кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 18:51

Мәжіліс Төрағасы Сауд Арабиясы делегатын ұлттық мереке – Сауд Арабиясы біріккен Королдігі болып жариялану күнімен және Консультативтік кеңестің 90 жылдығымен құттықтады.

Сауд Арабиясымен  барлық сала бойынша екіжақты ынтымақтастықтың дамуы туралы сөз қозғаған Қабиболла Жақыпов сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс Спикері сауда көлемінің артуы Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Парсы шығанағы темір жолының ашылуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, Қазақстан Араб мемлекеттерінің экономикалық форумы, Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінің шақырылымы туралы  Сауд Арабиясы бастамасын қолдайды.

Абдалла Әль аш-Шейх өз кезегінде, Қазақстан мен Сауд Арабиясының  одан әрі тиімді ынтымақтастық жүргізуге әлеуеті жоғары екендігін атап өтті. 




Яндекс.Метрика