Евразиялық одақ

Б.Сағынтаев пен А.Бушез ЕАЭО мен ЕО арасындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен және ЕО он тоғыз елінің дипломатиялық миссиясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми порталы.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 17:36

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы мен қызметінің негізгі қағидаттары таныстырылды.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, соның ішінде ЕАЭО Сотын құру, ортақ нарықты қалыптастыру, ЕАЭО туралы шартты ратификациялау, ЕАЭО-ға Армения мен Қырғызстанның қосылуы, сондай-ақ ЕАЭО пен ЕО арасындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелері бойынша пікірлер алмасылды.

«Кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың стратегиялық әріптестер екендігін атап өтті және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екендіктерін білдірді», - деп хабарлады сайт.

 




Яндекс.Метрика