Парламент

Парламентте өткен конференцияда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекс талқыланды

ҚР Парламенті Мәжілісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР жаңа Кодексінің негізгі новеллаларын талқылау бойынша «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі – әкімшілік-деликтілік заңнаманың жаңаша үлгісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 19:06

«Депутаттар 2 мыңға жуық түзетулер ұсынды. Соның ішінде басты жаңалықтардың бірі жеңілдететін жағдайларды енгізу кезінде сотқа, органға, лауазымды тұлғаға жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл көлемін 30 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік беретін норманы енгізу болып табылады», - деді конференция барысында Мәжіліс комитетінің хатшысы Светлана Бычкова.

Оның айтуынша, Кодекстің жаңа редакциясы азаматтар құқығының, қоғам мен мемлекет мүддесінің қорғалуына мүмкіндікті молайту мақсатында әкімшілік-деликтілік заңнаманы ары қарай жетілдіруге бағытталған.

Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, қазылардың ауыртпалығын азайту мақсатындағы баптар саны молайтылған, солар арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер тиісті құзіретке ие мемлекеттік органдар тарапынан соттан тыс тәртіппен қаралады.

«Мұндай әдіс басы артық қағазбастылықты азайтып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот өндірісі жеделдігін қамтамасыз етеді», - дейді З.Баймолдина.




Яндекс.Метрика