Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Биыл egov арқылы некені тіркеуге 56 мың өтініш берілді

Биыл некені тіркеуге 116 мыңнан астам өтініш берілді. Оның ішінде 56 мың өтініш - egov арқылы берілген.
Казахстан25 Қыркүйек , 18:21

Ағымдағы жылдың 8 айында egov порталында некені тіркеуге берілген электронды өтініштердің саны 56 мыңнан асты. Былтыр бұл көрсеткіш 40 мың болған.

«Өтініш берушілер екі бөлек жерде немесе қалада бола тұра, тіркеуді жоспарлаған қаланың АХАТ бөліміне өтінішті жолдап, оған екеуі де электронды сандық қол қоя алады» - деп толықтырды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ egov сүйемелдеу жобасының жетекшісі Дияс Крамшеев.

Egov порталында некені тіркеуге өтініш беру қызметі 2010 жылы іске қосылғанын еске салып өтеміз. Электронды өтініш беру үшін екі өтініш беруші де алғаш рет некеге тұрушылар болуы тиіс және балалары болмауы қажет. Екінші рет және одан артық некені тіркеуге портал арқылы өтініш беру мүмкін емес.

Айта кетейік,  2011 жылы порталда іске қосылған некеге тұруға электронды өтініш беру қызметі ағымдағы жылғы 1048 есе сұранысқа ие болды. 2013 жылы некені бұзуға 629 адам онлайн түрінде өтініш берді.

 




Яндекс.Метрика