Адами капитал

«Мәдени мұра» бағдарламасы тарих пен мәдениетті жаңғыртуға көп үлес қосты – депутат

«Мәдени мұра» бағдарламасы тарих пен мәдениетті жаңғыртуға көп үлес қосты, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 17:23

«Бірнеше ғасыр бойы рухани мәдениет белгілі бір деңгейде ұмыт қалып, «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында аз уақыттың ішінде біздің рухани өмірімізге қайта оралды. Президенттің бағдарламасы аясында бірнеше жыл бойы жеткілікті деңгейде қаражат бөлінді. Көптеген жұмыстар атқарылып, тарих пен мәдениетті жаңғыртуға көп үлес қосты», - дейді депутат.

«Мемлекет өзінің халқына осы бағытта қажетті жағдайды жасап беруі керек», - дейді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 20-дан астам театр салынды. «90-ыншы жылдардың басында кітапханалар мен өзге де мәдени орындардың күйі мүшкіл болды. Қазіргі таңда олар қалпына келтіріліп, кітап саудасы мен баспа саласы дамуда», - дейді.

Сонымен қатар, депутат қазіргі таңда Қазақстанда ұлттық мәдениет пен Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың төл мәдениетін жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарлама жүргізіліп жатыр. «Қазақстанда барлығымыз үшін жағдай жасалынған. Біздің Конституциямызда мемлекеттің атқаратын міндеттері де бекітілген. Ел ішінде барлығы тату өмір сүріп, рухани келісімге келген», - дейді Қ.Сұлтанов.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика