Өңірлер

Қазақстандық журналистер Ақтөбедегі медиафорумда бас қосады

«Ақтөбе облысы саясаткер әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Журналистік қоғамның бірігуін ұйымдастыру жұмыстары, екі жақты қарым-қатынасты дамыту және БАҚ пен мемлекеттік ұйымдардың өзара байланысы, журналистердің құқығын қорғау» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Ақтөбе25 Қыркүйек , 19:21

Ақтөбеде  «Өңірлік БАҚ-тардың жұмысын жаңғырту» тақырыбы бойынша медиафорум өткізіледі. Бүгінгі күні медиафорумға қатысуға ниет білдірген 200-ден астам БАҚ редакцияларынан ұсыныстар келіп түсті. Форум жұмысына Ақтөбе облысының БАҚ өкілдері ерекше ықылас білдіріп, оған қатысуға ұжым болып тапсырыстар беруде. Аталмыш шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен редакторлар мен журналистер келеді деп күтілуде.

Форум барысында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері Астана, Алматы және Москва қалаларынан медиафорумға арнайы шақырылған тренерлердің шеберлік кластарына қатысып, кәсіби шеберліктерін жетілдіреді. Бапкерлерді таңдауда журналистердің пікірлері ескеріліп, форум жұмысы тәжірибелік дәрістерге бағытталды.

Форумның пленарлық мәжілісін Ақтөбе облысының басшылығы ашып, мәжілісте Қазақстан журналистер одағының төрағасы С.Матаев, «Эра» телекомпаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы, Бас редакторлар клубының президенті Б.Жексенбай, режиссер, сценарист Е.Головня (Москва қаласы), режиссер Г.Үкетайқызы, «Түркістан» газетінің бас редакторы Ш.Паттеев сөз сөйлейді.

Форум қонақтары «Қазақстан - Ақтөбе» және «Рика - ТВ» телекомпанияларында болып, Ақтөбе қаласындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарының жұмысымен танысады. 




Яндекс.Метрика