Елбасының Ұлытаудағы ұлағатты әңгімесі

Ұлытаудағы Елбасының сұхбаты елдің рухани өмірінің барлық қырын қамтыды - Қ.Сұлтанов

Елбасы Ұлытау баурайындағы сұхбатында елдің тарихы мен бүгінгі, келер ұрпақтың болашағы, қазіргі даму бет алысымыз туралы салиқалы ой айтты. Оның берген бұл сұхбаты елдің рухани өмірінің барлық қырын қамтиды, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 16:35

«Мәңгілік ел» деген Президенттің идеясына қазір теріс пікір білдіріп, ешқандай да мәңгілік нәрсе жоқ дейтін қиқар пікірдің бой көрсетіп жатқаны анық. Шын мәнінде бұл мәңгілік ел идеясы кешегі ата-баба арманы болатын. Бүгінгі таңда олардың осы арман-тілектері Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде орындалып, айналасы жиырма үш жылдың ішінде еліміз бұрын-соңды жетпеген биігіне жетті. Ата-бабаның өздері бүгінгі күнді көрмегенімен бүгінгі ұрпағы, біз көріп отырмыз. Міне, бұл мәңгілік елдің бейнесі», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Елбасы Ұлытау баурайындағы сұхбаты елдің рухани өмірінің барлық қырын қамтиды.

«Қазақ тарихының тамыры тереңде. Қазіргі таңда біз елдігіміз бен бірлігімізді сақтау үшін тарихымыз бен құндылықтарымыға бет бұруымыз керек. Қазақта мемлекеттілік болмаған деген бекер сөз. Мемлекет басшысы да қазақтың мемлекеттік шекарасы болмаған дегенді айтқанда, елдің бекітілген ресми шекарасының болмағанын меңзеді. Ал көршілермен келісілген ресми шекара осы тәуелсіздік жылдарында құрылғанын сіз бен біз жақсы білеміз», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Елбасының Ұлытау баурайындағы сұхбаты қазақстан қоғамына «Мәңгілік ел» идеясын терең түсіндіріп, оның бет алысы мен бүгінгі рухани жағдайына берілген заманның бағасы іспетті. 

 




Яндекс.Метрика