Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Әр саланың үздік мамандары «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады – Д.Арғандықов

Еңбек күнін тойлау аясында әр саланың үздік мамандары «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минисрінің орынбасары Дәулет Арғандықов мәлімдеді.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 16:11

«Аталмыш шара елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Онда еңбектің әр саласының өкілдері марапатталады және барлық сала қамтылмақшы», - дейді ол.

Оның айтуынша, аталмыш марапатқа 40 жылдай еңбек өтілі бар, соның ішінде бір салада 10  жылдай тер төгіп, өз қызметінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен адамдар ие болмақ.

«26 қыркүйекте Еңбек күніне арналған республикалық көлемдегі форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған қатысу үшін елордаға еліміздің барлық өңірінен 200-дей делегат келмекші», - дейді вице-министр.

Айта кету керек, шараны ұйымдастырушы - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіподақтар федерациясы.

«Қазақстанның ұлттық музейінің залында экономиканың түрлі салаларындағы үздік жұмысшыларды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау мен ардагерлерді ұлықтау рәсімі өтеді. Атап айтар болсақ, оның арасында энергетикалық сала, көмір өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, кен-металлургия кешені, мұнай-газ, тұрғын үй - коммуналды шаруашылықтар құрылысы, денсаулық сақтау саласы және т.б. қамтылмақ. Шараға еліміздің әр өңірінен қонақтар келеді. Олар, негізінен, еңбек жолдарында айтарлықтай жетістікке жеткен жұмысшы жастар», - дейді вице-министр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика