Евразиялық одақ

Қазақстандық медициналық дәрі-дермектерді ЕАЭО-ға экспорттау 2016 жылға қарай жеңілдейді – Сағадиев

Қазақстандық медициналық дәрі-дәрмектерді ЕАЭО елдеріне экспорттау 2016 жылға қарай жеңілдейді, деп мәлімдеді бүгін ҚР инвестиция және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 16:03

«Еуразиялық экономикалық одақ ережелеріне сәйкес, 2016 жылға қарсы дәрі-дәрмектердің тіркеу құжаттарын өзара мойындау үдерісі енгізілетін болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық дәрі-дәрмек өндірушілердің тауарларын ЕАЭО елдеріне экспорттауы жеңілдетеді», - дейді Е.Сағадиев.

Жалпы, оның айтуынша, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 80 мекеме қызмет етеді.

«Қазақстан Президенті бізге елдегі дәрі-дәрмектің 50 пайызының отандық өнім болуын қамтамсыз етуді жүктеді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 30 пайызға жетті. Өткен жылы импорт 1,5 млрд долларды құрады», - дейді ол.

Министрдің айтуынша, біздің елімізде шетелдік немесе отандық дәрі-дәрмекті тіркеуден өткізу құны шамамен 4-5 мың доллар тұрады. Ал оны зерттеу жұмыстары 9 айға созылады. Содан кейін ғана рұқсат беріледі немесе тыйым салынады. «Ресеймен салыстырар болсақ, ол жақта аталмыш үдеріс 2 жылға созылады және құны 100 мың еуро тұрады», - деді ол.

«Біз отандық тауар өндірушілерді қолдаймыз және тиісінше Қазақстанға шетелдік инвесторларды да тарта береміз», - дейді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика