Салық саясаты

Қазақстанда 2014 жылдың шілдесінен бастап электронды шот-фактурасын енгізу жоспарлануда

Электронды шот-фактурасын енгізу келер жылдың шілде айында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр, деп Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.
Казахстан17 Қыркүйек , 19:22

«Электронды шот-фактурасын енгізу 2014 жылдың 1 шілдесінде  іске қосылады деп жоспарлануда.  Электронды шот-фактурасының пилоттық жүйесінің шығарылымы 2013 жылдың 1 қазанынан жіберіледі. Ол үрдіске «Самұрық- Қазына» АҚ, оған қоса  ниет білдірген салық төлеушілер де қатыса алады», - деп Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

Жұмаділдаевтің мәліметінше, бүгінгі таңда тұлғалардың кірісі мен шығысы, салық төлеуден бас тарту жағдайы қиындаған, себебі, салық туралы ақпаратты республика халқының аз бөлігі ғана ұсынып отыр.  

«Жалған шот-фактураларының жазылу мәселесін шешу үшін электронды шот-фактурасына көшу ұсынылып отыр» - деп нақтылады Ә. Жұмаділдаев.




Яндекс.Метрика