Адами капитал

Рафаэль Надаль Астана мен қазақстандық теннистің дамуына жоғары баға берді (ФОТО)

Әлемнің ең үздік теннисшілерінің бірі Рафаэль Надаль Елорданың даму қарқынына таңданысын білдіріп, кездесуге шақырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты.
Астана қаласы 25 Қыркүйек, 16:51

«Мен үшін Астанада  өнер көрсету үлкен құрмет. Сіздер көрсеткен  қонақжайлылық үшін алғыс айтамын. Мен ел астанасының  дамуына таң қалып отырмын», - деді спортшы.

Р.Надаль Астанада  мен қазақстандық  теннистің дамуына да оң баға берді.

«Мен теннис спортының дамуы үшін көрсетіп жатқан қамқорлықтарыңызға  ризамын. Сіздердің теннис орталығындай спорт орнын салу көптеген мемлекеттердің арманы болып отрығаны жасырын емес. Сіздерді осынау жетістіктеріңізбен құттықтаймын», - дейді жұлдыз.

Сонымен қатар, ол алдағы матчтың маңыздылығына тоқталды.

«Мен үшін бұл матч өте маңызды. Жарақаттан кейінгі алғашқы ойыным. Оған қоса, Жо-Вильфрид Тсонгомен ойнау да мен үшін үлкен абырой. Ойын көпшіліктің көңілінен шығады деп үміттенемін», - дейді Рафаэль Надаль.

Суретті түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика