Адами капитал

Астанада Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганың арасында матч өтеді

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында атақты теннисшілер Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганың арасында матч өтеді.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 15:18

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов әлемдік жұлдыздарды ойын өткізуге шақырды.

«Бұл теннисті насихаттауда өте маңызды оқиға болып есептеледі, себебі жанкүйерлерді әлемнің  жұлдыздары көрсеткен  ойын шабыттандыра түспек. Екіншіден, бұл біздің жас теннисшілер қауымымен қарым-қатынас орнату және Рафаэль Надаль мен  Жо-Вильфрид Тсонгадан тамаша мастер-класс алуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Б.Өтемұратов атап өткендей, бүгінгі матч келер ұрпаққа арналған әлеуметтік үлес болып есептеледі.

Айта кетейік, федерацияның жетістігі қазақстандық теннистің дамуы мен жеңісіне үміт арттырады.

«Біздің федерация ел бойынша теннситі дамытуға арналған шаралар өткізеді, біз бесленді түрде барлық аймақтарға теннис корттарын салудамыз, әр түрлі деңгейдегі сайыстар өткізіп, бапкерлер мен қазыларды әзірлеудеміз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонганың арасында матч өтеді.




Яндекс.Метрика