Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан медициналық туризмнің алдыңғы қатарлы еуразиялық орталықтарының біріне айналады - Әбдіқалықова

FEMTEC Дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу Федерациясы Бас Ассамблеясының 67-інші Конгресінде Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның медициналық туризмнің алдыңғы қатарлы еуразиялық орталықтарының біріне айналатынын айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 15:02

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы еліміздің медициналық туризмнің алдыңғы қатарлы еуразиялық орталықтарының біріне айналатынын айтты. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Үкіметтің басты стратегиялық міндеттерінің бірі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін 80 жастан асыру болып табылады. Сол мақсатта салауатты өмір салты, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану секілді алдын алу шаралары қажет», - дейді.

Өз сөзінде Г.Әбдіқалықова денсаулық сақтау саласында сырқатты алдын ала анықтау үлкен мәнге ие екенін айтты. Осы орайда демалыс және бейімдеу медицинасының дамуы, оның қолжетімділігі мен тиімділігі азаматтар денсаулығын сақтау мен қалпына келтірудің ажырамас бөлігі болып табылады.

«Жалпы, республика бойынша санитарлық-демалыс және бейімдеу ұйымдарының саны артып келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар, халыққа санитарлық-демалыс көмектерін көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру керек. Отандық санитарлық-демалыс және бейімдеу ұйымдарының қызметтері әлемдік талаптарға сай келуі керек. Медициналық туризмді дамытуды қолға алу қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, емдеу және медициналық бейімдеуді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жүйесін жетілдіру шаралары 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.




Яндекс.Метрика