Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда театр репертуары шығармашылық ұжымның зияткерлік мәдениетіне байланысты – Қ.Сұлтанов

Қазақстанда театр репертуары шығармашылық ұжымның зияткерлік мәдениетіне байланысты, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов.
Астана қаласы 25 Қыркүйек, 14:33

«Репертуарға келер болсақ, бізде театрлардың туындыларына еркіндік берілген. Шығармашылық ұжым қоятын қойылымдарының тақырыптарын өздері таңдайды. Барлығы режиссердің немесе продюсердің, мүмкін әртістік құрамның шығармашылық әлеуетіне байланысты», - дейді ол.

Сонымен қатар, мәжілісмен өзін бүгінгі қазақ руханиятының ажырамас бөлігі ретінде санайды.  

«Мен өзімнің өмірімді мәдениетсіз, рухани құндылықтарсыз елестете алмаймын. Сол себепті егер маған ұсыныс түсіп жатса, әрине, қоғамның қызметіне өзімді арнар едім», - дейді депутат.

Депутат жаппай батыстық мәдениетке көзсіз еліктемей, өзіміздің төл құндылықтарымызды да ұмытпауымыз керектігін айтты.

«Бүгінгі таңда шығармашылық еркіндік бұрын-соңды берілмеген еркіндікке ие болып отыр. Осы орайда батыстың атыс-шабысы мен әлемдік телеарналардың насихаттайтын голливуд туындыларын бір мезгіл ысырып қойып, өзіміздің төл туындыларымызға да назар аударып отыруымыз керек», - дейді.  

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика