Адами капитал

Ақмола облысында «Фламинго 2014» фестивалі өтті

Ақмола облысының Қорғалжын ауылында «Фламинго 2014» фестивалі өтті. Ол қатарынан 7-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Ақмола25 Қыркүйек , 19:53

«Фестиваль қатарынан 7-ші  рет ұйымдастырылды. Фестивальдің басты мақсаты – балалар мен жастардың және егде жастағыларды өнер туындылары арқылы туған жер табиғатының сұлулығын көрсету, экологиялық проблемаларға назар аударту, ауылдықтарға, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдарға проблемаларды шешу үшін мүмкіндік туғызу, аймақтың ерекше табиғатын, соның ішінде Қорғалжын мемлекеттік қорығын қорғауға шақыру», - деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

Байқауға 154 адам қатысты, олар 215 жұмыс дайындады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, ең жас қатысушы 5-те, ең үлкені – 75-те.

Байқауда көрсетілген туындылардың басым бөлігі фламингоға арналған. Кейбіреуі бұл салада өз бақтарын бірінші рет сынап жатқан қатысушылар. Кейбір қатысушылар тәжірибелі, әр түрлі байқауларға қатысып шыңдалғандар.

Жеңімпаздар 3 номинация бойынша марапатталды: «Қорғалжын аймағының табиғаты туралы ең үздік сурет», «Қолөнер шеберлерінің ең үздік туындысы», «Қолданбалы өнердің ең үздік туындысы».

Айта кетейік, Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді.




Яндекс.Метрика