Энерготиімділік

Мәжілісте Қазақстандағы тарифті қалыптастыру жүйесі бойынша заң жобасы таныстырылды

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 12:57

«Заң жобасы, біріншіден, тарифті қалыптастыру мен табиғи монополиялардың  субъект қызметінің ашықтығын арттыруды, ол арқылы сарапшылық кеңесті барлық деңгейдегі мақұлданған тарифтерді олардың қатысуымен тарифтік сараптама жасауды, электр энергетикасы саласында доминанттардың қызметін енгізу, депутаттардың, тәуелсіз сарапшылардың, мемлекеттік орган қызметкерлерінің  қатысуымен қоғамдық тыңдалымдар мен жыл сайынғы есептік жиындарды  өткізу қарастырады», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.

Сондай-ақ, заң жобасы себепсіз шығын мен тарифтік үдерістерді қаржылық және техникалық сараптауға тарифті кетіру жолымен жоюды қарастырады.

Оған қоса, жаңа құжатта тұтынушылар құқығының қорғалуы да айтылған. Ол инвестициялық бағдарламалардың қайта жаңғыруы, жаңаруы, кеңеюі, әрекеттегі активтерді қолдау, қайта құрылу, табиғи монополия қызметінің міндеттерін енгізу,доминант қызметіне алдын ала төлем салу жолымен жүзеге асырылған.

М.Құсайыновтың айтуынша, жаңа заң жобасы өтінім мен өкілетті органдар қабылдайтын шешімдерді жеңілдетуді қарастырады. Ол табиғи монополиялар субъектілеріне электрондық өтінім беруге  мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тұтынушыларға арналған стандарттарды дайындау құзыретін қарастырады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика