Ұлттың денсаулығы

Медициналық туризм орталығы болу үшін Қазақстанның әлеуеті жеткілікті

Бүгін Астанада ФЕМТЕК Сумен және климатпен емдеудің Дүниежүзілік Федерациясының 67-ші Конгрессі өз жұмысын бастады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 13:32

Әлемдегі жетекші дауажай және емдеу-сауықтыру орталықтарының өкілдерінен құралған жиынға қатысушылар алдында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова сөз сөйледі.  

Ол медициналық туризм орталығы ретінде даму үшін Қазақстанның әлеуеті жеткілікті екенін атап көрсетті. Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи медициналық орталықтар тек Астанада емес, облыс орталықтарында ашылып, жұмыс істеуде. Халықаралық аккредитациядан өткен Ұлттық медициналық холдинг клиникалары да шетелдік емделушілерді Қазақстанға тартып, медициналық туризмді дамытуға ықпал етеді.    

Салидат Қайырбекова сондай-ақ, шипажай саласы да мемлекеттік саясаттың және ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыты екенін атап өтті. Бұл саланы дамыту аурулардың алдын алу және науқастарды қалпына келтіру емін, оңалту шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.   

Қазіргі таңда республикада 35 оңалту орталығы халыққа қызмет көрсетуде.

Айта кетейік,биылғы жылдың мамырында ҚР Үкіметінің қаулысымен 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған туристік саланы дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Сол бойынша елімізде медицналық туризмді дамыту, сонымен қатар медициналық қызмет саласы мамандарын оқыту және даярлау қарастырылған.  




Яндекс.Метрика