Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қашаған қойнауының ең үлкен тәуліктік мұнай өнімі 1,5 млн баррельді құрайды-Ұ. Карабалин

Алдын ала жоспарлау бойынша Қашаған қойнауының ең үлкен тәуліктік мұнай өнімі 1,5 млн баррельді құрайтындығын Мұнай және газ министрі Ұзақбай Карабалин мәлімдеді.
Астана қаласы17 Қыркүйек , 19:21

Оның  айтуынша, қойнауда мұнай өндіру ешбір жаттығусыз жүзеге асырылуда.

«Барлық жүйені іске қосу үшін қойнау жоғары ауқымды көтере алмайды. Алайда, өндіріліп жатқан  мұнай экспорттау үшін алынып жатыр», - деді ведомство басшысы.

« Егер алдын-ала жоспарлар мен міндеттер орындалса, тәулігіне 1,5 млн мұнай өндіріледі деп күтілуде»,-деді Ұ. Карабалин.

Министрдің айтуынша,транспорттық үрдісті әрбір консорциумның серіктесі атқарады.

«КТК-ға квоталары барлар үлкен қаржыға қол жеткізе алады. Ал КТК квоталары жоқ тасымалдаушылардың да мүмкіндіктері жоғары, олар «Атырау-Самара» дәстүрлі экспорт жүйесі арқылы қызмет істейді. Сонымен қатар, бізде Қытайға шығатын жаңа бағыт ашылуда, ол да белсенді түрде қолданысқа енетін болады», - деп мәлімдеді Ұзақбай Карабалин.
 




Яндекс.Метрика