Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Еңбек күні мерекесі аясында кәсіподақ көшбасшылары тәжірибе алмасты

«Астана қаласы мен Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Абдрахманов Бейсенбай бастаған аудандық және қалалық кәсіподақ басшыларының делегациясы ресми сапармен Қостанай облысында болды.
Қостанай25 Қыркүйек , 12:11

«Екі күндік ресми сапардың бағдарламасына кәсіподақ жұмыс жүйесі жақсы жолға қойылған және әлеуметтік серіктестік механизмы тиімді жұмыс жасайтын Қостанай физика - математика лицейі мен балабақшаға бару енгізілді. Қонақтарға «ҚР Қостанай облысы білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің пікір алмасу алаңы болып табылатын Қостанай ауданы Мичурин орта мектебі мен мемлекеттік тілде білім беретін Заречная орта мектебіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары көрсетілді», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ресми сапар барысында кәсіподақ басшыларының жұмыстары үшін қажет бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда: кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру мәселесі және осы мәселе бойынша ақпараттық жұмыстардың орны. Қонақтар Облыстық студенттік кәсіподақ ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыру жұмыстары механизміне қызығушылық танытты.

Орнынан босатылған басшы және басшылықты қоса атқарушы секілді формаларды іс жүзінде пайдалану туралы әңгімелер қызығушылық туғызды. Қостанай облысында, мәселен, білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының бесеуінде ғана лауазымынан босатылған төраға бар.  

 




Яндекс.Метрика