Парламент

Сенат мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттер шегін белгілейтін заңды қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіреттерді бөлу мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 11:35

«Заң жобасы Үкімет пен орталық атқарушы органдар арасындағы құзіреттерді бөлу, соның ішінде құзіретті арттыру, тиісінше өзінің саласы бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудағы министрліктердің жауапкершілігін арттыруды қарастырады. Сонымен қатар, қосымша 15 кодекс пен 132 заңнамалық актілерге өзгертулер  мен толықтырулар енгізілетін болады», - дейді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, тиісті салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша нормативті құқықтық актілерін бекіту бойынша министрлік құзіреттерін кеңейту қарастырылған, соның ішінде ережелер, реттеулер мен біліктілік талаптары қамтылған. Сондай-ақ,  ведомстволарға министрліктерге өздерінің салаларына сай орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін бақылау мен тексеруді жүргізу қызметі беріледі.

«Атап айтар болсақ, Ұлттық экономика министрлігінен Энергетика министрлігіне бағасы мемлекет тарапынан реттелетін мұнай өнімдерінің бөлшек сатылымына шекті баға қою функциясы беріледі. Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардан Әділет министрлігіне сот-медицина, сот-наркология және сот-психиатриялық сараптамаларын өткізу беріледі. Бұлар 2014 жылдың 25 тамызындағы Президенттің Қаулысына сай берілмек», - дейді министр.  

«Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінен жергілікті атқарушы органдарға Ветеринарлық тексеру және бақылау комитетінің аймақтық бөлімшелерінің штаттық санын жергілікті атқарушы органдарға тапсыра отырып ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тексеру-бақылау қызметтерін атқару жұмыстары беріледі», - дейді Досаев.

Жалпы, министрдің айтуынша, заң жобасының қабылдануы шағын үкімет құрып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершіліктері мен өз бетінше қызмет ету қабілеттіліктерін арттырады. Құжат айналымын оңтайландырып, тұтынушыларға мемлекеттік қызметтерді жақындатады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика