Энергетика

Алматыда әлемнің 250-ден астам маманы уран өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылайды

2014 жылғы 25-27 қыркүйек күндері Алматыда «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (ХҒТК) өтеді. Конференцияны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС ұйымдастырып отыр.
Алматы қаласы25 Қыркүйек , 11:53

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Германия, АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбритания, Жапония және басқа да елдерден келген уран саласының 250-ден астам маманы қатысады.

«VII ХҒТК басты міндеті – халықаралық ғылыми қауымдастық және озық материалдар, техникалар мен жабдықтар жасап шығарушыларға Қазақстанның және басқа да мемлекеттердің атом саласы кәсіпорындарын тұрақты дамыту мақсатында өзекті ғылыми-технологиялық міндеттер мен оларды шешу жолдарын талқылау үшін мүмкіндіктер ұсыну», - деп хабарлады конференция ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, VII ХҒТК алаңдарында уран өнеркәсібіндегі инновация; уранның минералды шикізат базасын кеңейту және нығайту, оны болжау мен барлаудың қазіргі заманғы әдістері; уранды жер асты шаймалау технолгогиясының тиімділігі мен қарқынын арттырудың өзекті мәселелері; реакторға дейінгі ядролық отын циклының – конверсия, ядролық отын өндірісінің технологиялары және өзекті мәселелері; сирек, сирек жер металдар олардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімдер өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары; атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногенді қалдықтарды басқару; атом өнеркәсібіндегі қуат және ресурс үнемдеудің өзекті мәселелері; атом саласының жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру қырлары сияқты бірқатар мәселелер талқыланбақ.

Конференция аясында «В2В» форматын қоса қамтитын бірнеше дөңгелек үстелдер мен тікелей іскерлік келіссөздер өткізу де жоспарланған. Сондай-ақ, жетекші өнім өндіруші компаниялардың секциялар бойынша стендттік баяндамалары мен таныстырылымдары да ұсынылынатын болады.




Яндекс.Метрика