Адами капитал

Атырау облысындағы ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға кеңес берді

«Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «ХҚКО» РМК Атырау облысы бойынша филиалы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кеңес беру шараларын өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атырау25 Қыркүйек , 11:13

Шара барысында шақыртылған азаматтарға Электронды үкімет порталы жөнінде мағлұматтар беріліп, оның қандай мүмкіншіліктері бар екені жөнінде әңгіме қозғалды. Барлығының жеке куәліктері мен флешкаларына ЭСҚ жазылып берілгеннен кейін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы қызметкерлері оларға жеке-жеке электронды порталды пайдалануды және түрлі анықтамаларды өз беттерінше алуды үйретті. Шара соңында шақыртылған азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Бүгінгі күні аудандық ХҚКО ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына барлық жағдайлар жасалғанын, оның ішінде бөлімге келген әрбір мүмкіндігі шектеулі жан арнайы шақырту түймесін басып, бөлім қызметкерлерінің көмегімен пандуспен көтеріле алады және оларға арналған арнайы қабылдау орны бар екендігін, 1414 байланыс телефоны арқылы тапсырыс беріп, қызметкерлерді үйге шақыртуға болатындығын да айта кеткен жөн», - деді ХҚКО Құрманғазы аудандық бөлімінің жинақтау секторының жетекші инспекторы Г.Мырзабекова.

 




Яндекс.Метрика