Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жетілдірілуде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдіруде. Өзгертулер АӨК субсидиялауының бірнеше бағыттары бойынша әзірленуде.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 10:54

«Бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін арттыру, төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияны беру процессін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бүгінде Министрлік ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде. Мұнымен бірге жобаны Еуропа қайта құру және даму банкісі арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда», - деп хабарлады ведомствода.

Сондай-ақ, жаңашылдықтар егіншілік шаруашылығын сақтандыру, тұқым шаруашылығын, балық және етті мал шаруашылығын субсидиялау жүйесіне қатысты болмақ.

Сонымен бірге суды пайдаланушылардың су үнемдеу технологияларына өтуін ынталандыру үшін суармалы судың кубтық метріне субсидиялау көлемін есептеу әдісін өзгерту ұсынылып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егер қызмет құны минималды көрсеткіштен жоғары болған жағдайда, суды беру қызметі алдағы уақытта субсидияланбақ (минималды құн – 1 куб. м. 0,2 тенге).

«Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 2016-2020 жылдары құнды балық түрлерінің ремонттық-аналық табынын ұстауға арналған шығындардың субсидиялау көлемі 1,8 млрд. теңгені құрамақ», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Биыл субсидия көлемі 156,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылға (88,7 млрд. теңге) көрсеткіштен 1,8 есеге артық.




Яндекс.Метрика