Парламент

Сенат «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңға енгізілен өзгерістерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заң жобасы қабылданды.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 10:36

«Заң жобасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер енгізуді, соның ішінде Үкіметтің, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктер мен ведомстволардың, орталық атқарушы органдардың құзіреттерін нақтылауды қарастырады», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.  

Аталмыш Қаулыны іске асыруда жоба Үкіметтің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын дайындауды нақтылайды.

Өз кезегінде министр министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарға стратегиялық, реттеушілік, орындаушылық және тексеру-бақылау қызметтері, стратегиялық жоспарларды бекіту және іске асыру құзіреттері берілетінін айтты. «Министрлік ведомстволарына реттеушілік, орындаушылық және тексеру-бақылау қызметтері мен стратегиялық жоспарларды бекіту және іске асыру құзіреттері беріледі», - деді Е.Досаев.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика