Ұлттың денсаулығы

Қазақстандық жүзуші Инчхондегі Азия Ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII жазғы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Әлемде25 Қыркүйек , 10:21

Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, 100 метр қашықтыққа браспен жүзудің ақтық мәресіне өткен Дмитрий Қазақстан қоржынына екінші күн қатарынан алтын жүлде салуда. Баландин 200 метр қашықтыққа браспен жүзуде ең озық көрсеткішке қол жеткізді.

Дмитрий Баландиннің екінші алтын жүлдесі Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын болып табылады.




Яндекс.Метрика