Өңірлер

Алматыда темір жол нысандарында қауіпсіздікті сақтау мәселелері талқыланды

Алматыда Балтық жағалауы мен Финляндия және ТМД-ға мүше елдердің темір жол әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен теміржол нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған семинар өз жұмысын бастады.
Алматы25 Қыркүйек , 10:05

«Семинарға қатысушылар темір жолдардағы қауіпсіздікті сақтау, қауіп-қатерлерді анықтау және жою бойынша өзара тәжірибе алмасады, сондай-ақ терроризмге қарсы әрекеттесe жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізеді. Отырыс соңында  іс-шараларды бірлесе өткізу жөніндегі хаттамаға қол қойылмақшы», - деп хабарлады ҚТЖ.

Тұрақты түрде дамып және жетіліп отыратын теміржол көлігі саласынындағы басты басымдықтардың бірі - қозғалыс қауіпсіздігі. «Кеңістік 1520» желісіндегі жолдарда, соның ішінде соның ішінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты теміржол тораптарында жүктерді тексеруден өткізудің, рұқсат етілмеген және қауіпті жүктерді тасымалдауды бақылаудың, сканерлеу мен бейнебақылау және вокзалдарды күзетудің  жаңа жүйелері қолданысқа енгізілуде. 

«Қазіргі кезде теңгерімді және батыл стратегия қабылдауды талап етіп отырған өзекті мәселелердің бірі – қауіпсіздікті  қамтамасыз ету. Бұл мәселені тиімді  шешу үшін мүдделі тараптардың диалогы, мамандардың өзара тәжірибе алмасуы, өзара талқылаулар жүргізу қажет. Халықаралық қатынастарды белсенді етпей, бұған қол жеткізу мүмкін емес»,  – деді «ҚТЖ»ҰК»АҚ – «Алматы жол бөлімі» филиалының директоры Съезбек Әлішев.




Яндекс.Метрика