Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларының мониторинг жүйесі іске қосылды

Қазақстандық «Таңдау» ЖШС-гі «Kaz-GPS» смартфон ұялы құрылғыларының мониторинг жүйесін шығарды, деп хабарлады компания.
Казахстан17 Қыркүйек , 19:17

«Елімізде тұңғыш рет ұялы  құрылғыларының мониторинг жүйесі іске қосылды.Жүйенің ерекшілігі ол тек қана  GPS желілері мен қоса қалалық, жергілікті жерлерде Wi-Fi желісі арқылы да қызмет істей береді. Бұл жүйе энергия батарейлерін үнемдеуге өте қолайлы»,- деп ақпарат көздерінде жазылған.

Әрбір адам өз ұялы телефонына «Kaz-Gps»-ты орнату арқылы оны жер шарының кез келген нүктесінен таба алады.

Оған қоса, қызмет көрсету тізіміне «Антивирор» функциясы орнатылған, ол бірлікпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Аталмыш қызмет түрі телефонның қай жерде орналасуын алдын-ала хабарлайды. Ондай құқыққа  тек  қондырғының иесі ғана ие.

«Енді ұялы телефон жоғалған кезде, әр қожайын байланыс құрылғысын жылдам таба алады», - деп хабарламада нақтыланған.

Атап өтілгендей, аталмыш жүйе қазақстандық тұтынушыға қолайлы етіп жасалынған. Кез келген адам өз баласының үйден нешеде шыққандығын, мектепке барғандығын қалауы бойынша біле алады. 




Яндекс.Метрика