Өңірлер

Жарқайың ауданының шаруалары 600 мың тонна астық жинады – әкімдік

Ақмола облысы Жарқайың ауданының шаруалары облыста алғашқылардың бірі болып егін жинау науқанын аяқтады.
Ақмола25 Қыркүйек , 09:32

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, ауа-райының қолайсыз жағдайына қарамастан, шаруалардың маңдай терінің арқасында елдегі ең ірі егістік алқаптарына ие аудандардың бірі облыста алғаш болып егін жинау науқанын аяқтады. Аудан бойынша жалпы орылған астық көлемі 600 мың тоннаға жетті, әр гектардан орташа есеппен 11 центнер өнім алынды.

«Егіс науқанына 917 астық ору комбайндары, 426 жүк көлігі, түрлі модификациядағы 886 дөңгелекті тракторлар мен астық тасымалдайтын 728 трактор тіркемесі пайдаланылды. Сонымен қатар, мыңнан астам механизатор жұмыла еңбек етті», - деп хабарлайды әкімдік.

Аудан шаруалары ору науқанымен қатар 2015 жылғы егістік жұмыстарына да дайындықтарын пысықтады. Алуан түрлі сұрыпты жоғары сапалы тұқымдар дайындалып, жерді тыңайту жұмыстары жүргізілді. Қысқа арнайы бидай алынып қойылды.




Яндекс.Метрика