Халықаралық интеграция

Н.Ушаков: Біз Астана мен Рига арасында капиталды инвестициялау үшін кәсіпкерлерге жағдай жасауға ниеттіміз

Астанада қазақстандық-латвиялық бизнес форумда Қазақстанның Рига қаласымен сауда-экономикалық, білім, туризм, құрылыс саласында өзара ынтымақтастығы талқыланды.
Астана қаласы25 Қыркүйек , 09:16

Форумға қатысушылар ынтымақтастық әлеуетін талқылап, жаңа жобаларды сөз етті.

«Қазақстанның құқықтық-келісім базасы өте жоғары. Рига мэрі мен делегацияның сапары жобалар бойынша ынтымақтастыққа жол ашып, сауда-экономикалық салада қарым-қатынасты нығайта түсуге септігін тигізеді», - деді Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетов.

Өз кезегінде, Риганың мэрі Нил Ушаков екі қаланың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

«Біздің елдер арасындағы тауар айналым 360 млн долларды құрайды, ағымдағы жылдың бірінші жартысы бойынша ол 155 млн долларды құрады, қазақстандық нарық пен біздің ынтымақтастығымыз жоғары әлеуетке ие», - деді ол.

Н.Ушаков атап өткендей, Астананың қарқынды дамуы мен қалалар арасындағы қызығушылық елдер арасындағы ынтымақтастықты шыңдай түседі.

 «Астана – қарқынды дамып келе жатқан қала. Екі қаланың арасындағы қарым-қатынасты дамыту экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта түседі. Біз өзара ынтымақтастықты дамытуға, тауар айналымын арттыруға ниеттіміз. Құрылыс және басқа салалардағы, әсіресе туризм саласындағы Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз», - деді Рига қаласының мэрі  Нил Ушаков.




Яндекс.Метрика