Халықаралық интеграция

Қазақстан делегациясы МАГАТЭ Бас конференциясы 58-ші Сессиясының жұмысына қатысуда

2014 жылдың 22-26 қыркүйегі аралығында Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Бас конференциясының 58-ші сессиясы жұмыстарына Энергетика министрі Владимир Школьник бастап барған Қазақстанның өкілетті делегациясы қатысуда.
Әлемде25 Қыркүйек , 09:01

ҚР СІМ хабарлағандай, Бас конференцияның негізгі назарында ядролық энергетиканың келешекте дамуына, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ядролық энергияны, ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануға және жұмсауға, техникалық ынтымақтастыққа, кепілдіктердің ықпалдылығы мен тиімділігіне қатысты мәселелер болады.

«Қазақстандық делегация басшысының мәлімдемесінде еліміздің қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жолындағы жетістіктері, ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану аясындағы тиімді ынтымақтастығы қамтылған. Іс-шараға қатысушылар ұлттық ядролық - энергетика бағдарламасын дамыту және ҚР алғашқы АЭС құрылысы туралы жоспарлар жөнінде ақпараттандырылды. АЭХА-ға мүше мемлекеттердің назары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық таратпау саласындағы және «АТОМ» жобасы бойынша бастамаларына назар  аударылды», - делінген хабарламада.

Министр В.Школьник АЭХА-нің, Агенттікке мүше жетекші мемлекеттер делегацияларының басшылықтарымен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Бас конференцияның өтуі кезеңінде БҰҰ Венадағы бөлімшесінде Ұлттық ядролық орталықтың көрмесі ұйымдастырылды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 1957 жылы құрылған. 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы АЭХА-ның 121-ші мүше мемлекеті болып тіркелді.




Яндекс.Метрика