Өңірлер

Елордалық полициялар жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

Астанада ел автожолдарында ЖКО азайту мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы басталады, деп хабарлайды елордалық ЖПБ.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 19:28

Астана қалалық ІІД ЖПБ жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысын бақылау кезінде 157,5 мың жол қозғалысы ережесін бұзу жайттары анықталды, соның ішінде жүргізушілердің кінәсі себебінен 143 мың оқиға орын алса, 14,5 мың оқиғада жаяу жүргіншілер айыпты болған.

«Қауіпсіз жол» шарасын өткізу барысында Астана қалалық ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы жол-көлік оқиғасының өсуіне әсер еткен жол жүру ережесінің «өрескел» бұзылған жағдайларын анықтау мен алдын алуға бағытталған бірқатар рейдтер мен алдын алу шаралары жоспарланды. Шарада алкогольдік немесе есірткі қолданып автокөліктерді тізгіндеу, қарсы бағытқа шығу, жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуы секілді тәртіп бұзушылықтар назарға алынды.

«Жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында полицейлер мектептер мен өзге де оқу орындары шәкірттерінің қатысуымен түрлі мекемелер мен ұйымдардың жүргізушілеріне жол ережесі қауіпсіздігі саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - делінген хабарламада.

Шараны өткізу уақытында жол-патруль полициясының жеке құрамы автожолдардағы кезекшілік пен бақылауды күшейтетін болады.




Яндекс.Метрика