Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады

Қала басшысы Ахметжан Есімов шаңғы спорт түрлеріне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы24 Қыркүйек , 19:12

Жоба шаңғы трассалары және спортшылар мен спорт сүйер қауымға арналған қосалқы қондырғыларды қамтиды, кешен тек қысқы спорт түрлері үшін ғана арналмаған, онда жеңіл атлетика мен маунтин жабдықтары да бар.

«Бүгінгі таңда жер қазу бойынша дайындық жұмыстары, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының гомологиялық тұжырымдамасына сәйкес шаңғы трассасын белгілеу жұмыстары жүргізіліп болды», - делінген хабарламада.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының өкілдері трамплиннен секіру бойынша әлем кубогінің бас жүлдесі аясында жаңа шаңғы трассасының ерекшелігін атап өтті. Олардың FIS стандартына сәйкес келетінін айтты.

А.Есімов атап өткендей, жұмыстың орындалу кестесін қадағалау өте маңызды.

Айта кетейік, 2015 жылы Алматыда «Сұңқар» шаңғы трамплинінің халықаралық кешенінде солтүстік дисциплиналары бойынша жастардың әлем чемпионаты өтеді. Қазақстанның тарихында алғаш рет жарысқа шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы және трамплиннен шаңғымен секіру секілді қысқы спорт түрлерінен мыңға жуық спортшы келеді.  




Яндекс.Метрика