Ұлттың денсаулығы

ҚР-да кардиологияны дамыту бағдарламасы аясында 1 мың хирург дайындалады

«2007-2009 жылдары кардиология мен кардиохирургияны дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүрек-қан тамыр аурулары хирургиясының 1000 маманы дайындалады, бұл туралы ОКҚ брифингінде кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәлім Беркінбаев мәлімдеді.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 17:46

«Аталмыш бағдарлама аясында кардиология мен жүрек-тамыр ауруларының 100 маманы дайындалады», - деді ол.

Айта кетерлігі, бағдарлама аясында 4 ірі кардиологиялық орталық, яғни Астана мен Павлодар қаласында 180 орындық, Ақтөбеде 40 орындық, Қарағандыда 50 орындық кардиология салынды.

Сондай-ақ, Алматы, Шымкент,Орал қалаларында 6 кардиологиялық орталық ашылды. Өзге облыстық орталықтарда кардиология бөлімдері жұмыс істейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика