«Қазақстан жасанды жүрек қарыншасын ауыстырып салу саны жағынан әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің арасында. Қазіргі таңда Қазақстанда 124 науқас бар. Сонымен қатар, 7 науқас жүректі трансплантациялау операциясын сәтті өткізді. Олар қазір донорлық жүрекпен өмір сүруде», - дейді ол.
Айта кету керек, 2003 жылы жүрек-қан тамыр аураларынан көз жұму көрсеткіші мың адамға шаққанда 539-ды құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш мың адамға шаққанда 217-ге дейін азайды. Аталмыш жетістік бірінші кезекте Президенттің тапсырмасымен қабылданған 2007-2009 жылдарға арналған «ҚР-да кардиология мен кардиохирургияны дамыту» мемлекеттік бағдарламасының арқасы.
Индира Қауметова