Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ҚР-да медициналық сақтандыруды енгізу жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді – Ж.Баттақова

Сақтандыру медицинасын енгізу ҚР-да жауапкершілікті жақсартуға мүмкіндік береді, дейді Ұлттық салауатты өмір салтын құру мәселелері орталығының директоры Жәмила Баттақова.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 18:06

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында сессияны аша отырып, батыстық елдер үлгісіндегі міндетті медициналық сақтандыру қорын құру қажеттілігін айтты. «2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру қорын құра отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметтерді төлеу комитетін трансформациялау керек. Қазір жұмыс істеп тұрған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аталмыш қор үшін база болмақ», - деді Елбасы.

«Бүгін денсаулық сақтаудың бюджеттік моделі басымдылыққа ие. Мұнда денсаулық сақтау жүйесін дамытудың моделі өзгертіледі. Медициналық сақтандыруды енгізу жұмыс берушінің, мемлекеттің және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді Ж.Баттақова.

Айта кету керек, жалпы, денсаулық сақтаудың бірнеше моделі бар. Атап айтар болсақ, бюджеттік, сақтандыру және нарықтық модель.

Қазіргі таңда, оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық тарифтерді және медициналық жарналарды енгізу процедурасын анықтау үшін жұмыс тобын құрды.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2015 жылы аяқталады. Енді біз 2016-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламаны дайындап жатырмыз. Онда алдын алу бағыттарындағы жұмыстарға басымдылық берілмек», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика