Парламент

Сенаторлар Қазақстанның Ұлттық гвардиясының жабдықталу жағдайын тексерді (ФОТО)

Қорғаныс пен қауіпсіздік, халықаралық қарым-қатынас комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков ҚР Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысымен кездесті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы 24 Қыркүйек, 18:41

Кездесу барысында Ұлттық гвардияның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов депутаттарды әскери-қызмет жайы, тапсырмалары, Ұлттық гвардияның одан әрі даму әлеуеті туралы әңгімеледі.

Сенаторлардың назары техниканың жаңа  пішіні мен қарулану, киім-кешек пішіні мәселелеріне аударылды.

Сенатор Сергей Громов Ұлттық гвардия ерекше маңызға ие оның әскерилері стратегиялық маңызды нысандарды күзетеді. Сондықтан да, олар Ұлттық гвардия әскерінің тұлғасына сай қасиеттерге ие болуы керек.

Сенатор Мұхтар Алтынбаев атап өткендей, Ұлттық гвардияның қазіргі жағдайы тәуелсіздік алған жылдармен салыстыруға мүлдем келмейді. Әлдеқайда жақсарып, үлкен шыңдарды бағындырды. «Ұлттық гвардия тапсырмаларды нақты орындайды. Бұл жаттығу емес, сондықтан да ол мобильді және барлық байланыс құралдарымен қамтылуы тиіс», - деді М.Алтынбаев. 





Яндекс.Метрика