Ұлттың денсаулығы

Астанада онкологиялық сырқаттарды емдеу мәселесі талқылануда

Астанада Халықаралық онкологиялық сипозиум өтуде, оған Еуропа, АҚШ, ТМД елдерінің онкологиялық орталықтары дәрігерлері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдері, ғылыми қызметкерлер, Қазақстанның алдыңғы қатарлы медициналық университеттері мен зерттеу институттарының ғалымдары қатысуда.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 18:23

Жиында Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдері сөз алып, қатысушыларды құттықтады.

Симпозиум Назарбаев Университеті мен UPMC (Питтсбург Университетінің Медициналық Орталығы) арасындағы Қазақстанның онкологиялық қызметін дамыту және 2016 жылдың соңына қарай Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құруға бағытталған ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып отыр.

Шарада онкологиялық сырқаттардың диагностикасы мен емдеудің заманауи әдістері талқыланды. Онда онкология саласындағы соңғы технологиялар мен клиникалық жетістіктердің таныстырылымына арналған тиімді кәсіби алаң құрылмақ.

Сонымен қатар, шара аясында медбикелерге арналған жеке сессия өткізіліп, онда АҚШ-тың сарапшылары сөз сөйлемек.

 




Яндекс.Метрика