Экономика

ОҚО-да қалдықсыз күкірт бетоны өндірісі жолға қойылған

ОҚО-дағы «Күкіртбетон Құрылыс» компаниясы ҚР Инвестиция және даму министрлігінен қолдауымен инноациялық грант алып қалдықсыз күкірт бетоны өндірісін жүргізіп отыр, деп хабарлайды Ұлттық технологиялық даму агенттігі.
Оңтүстік Қазақстан24 Қыркүйек , 17:18

«Инновациялық  технология  портланда цементті жүз пайыз қамтамасыз етіп, технологиялық қалдықтарды пайдалану арқылы Қазақстанның мұнай өндіруші өңірлерінің экологиялық мәселелерін шешеді», - делінген хабарламада.

2013 жылы технологияны коммерциялауға 21 485 мың теңге көлемінде «КүкіртбетонҚұрылыс» компаниясына берілген грант өндірістік прототип құру кезеңінде және оның коммерциялық пайдаланылу кезеңінде күкіртбетоны өндірісі құрылғысын дайындауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда аталмыш құрылғыны сынау мен күкірт бетонының технологиялық өндірісі жүріп жатыр.

«Біз СЭҚ сараптамасынан өттік. Біздің ұсынысымыз бойынша Өңірлік Үйлестіру кеңесінде «ОҚО Бизнесі» ОҚО Ордабасы ауданының индустриялды аймағына 2013 жылы ҰТДА-мен бірге құрған инновациялық грант беру туралы келісім жобасын іске асыруға 1 гектар жер беру туралы шешім қабылдады. Енді біздің жоспарымызда өндірістік масштабтағы өндіріс технологиясын дайындау, технологиялық реттеу мен құрылыс бұйымдары өндірісін автоматтандыруды ұйымдастыру мен мұнай өндірісі қалдықтары негізінде құрылымдар  ұйымдастыру бар», - дейді «Күкінтбетон Құрылыс» компаниясы директоры Ғ.Иманғалиев.




Яндекс.Метрика